Аюпов Қайрбек Біләлұлы 1950 жылы Меңдіқара ауданының Шолақсай ауылында дүниеге келген.
1967 жылы Қостанай қаласында Ы. Алтынсарин атындағы мектепті бітіріп, Қарағанды медицина институтына оқуға түсті.
1973 жылы Қарағанды медицина институтын бітіріп, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша дәрігер дипломын алғаннан кейін республикалық туберкулезге қарсы санаторийге жұмысқа қабылданды. Мұнда ол фтизиатрдан бас дәрігерге дейін барды.
1973 жылдан 1991 жылға дейін Қ.Б. Аюпов Виталий Андреевич Кравченкомен жұмыс істеді.
1976 жылы КСРО Қарулы Күштері қатарына дәрігер ретінде шақырылып, 2 жыл Забайкальск әскери округінің госпиталінде туберкулез бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
1978 жылы демобилизациядан кейін санаторийге жұмысқа оралды, онда дәрігер-фтизиатр, бөлім меңгерушісі болды және бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды. Сол жылы «Кеңес Одағының Қарулы Күштеріне 60 жыл» медалімен марапатталған.
1997 жылдан 2018 жылға дейін Қ.Б. Аюпов М. Қарабаев атындағы Боровской облыстық туберкулезге қарсы санаторийінің бас дәрігері болып жұмыс істеді. Санаторийді басқарған жылдары ол санаторийдің материалдық-техникалық базасын, қызметкерлердің жұмыс жағдайларын және науқастарды емдеуді жақсартуға лайықты үлес қосты.
Қ.Б.Аюпов Қазақстан мен Ресей дәрігерлерінің білімін жетілдіру институттарында біліктілігін бірнеше рет арттырды.
Аюпов Қайрбек Біләлұлы – жоғары санатты дәрігер-фтизиатр, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Санаторий мен ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін «Шапағат» («Мейірімділік») медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің, «Нұр Отан» партиясының, облыс және аудан әкімінің, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталған.
2015 жылдың 21 желтоқсанында Қайрбек Блялұлы Аюповқа «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Қазіргі таңда Қайрбек Біләлұлы құрметті демалыста және Қостанай қаласында тұрады.