Ахметов Төлебай Нұрғалиұлы – мемлекеттік қызметкер. 1943 жылы 8 маусым Каменорал ауылдық кеңес құрамына кірген Ақсиряқ ауылында туған. Бастауыш мектепті қазақ тілінде Ақсиряқта, сегізжылдықты – Көктеректе, ал ортаны – Қараталда аяқтады. Жақсы оқыды, бірақ институтқа түсу үшін өндірістік еңбек өтілі екі жылдан кем болмау керек еді, Төлебай Нұрғалиұлы жұмысшы болып жұмысқа тұрды. Оның арманы 1961 жылы орындалды. Кіріспе емтихандарына жақсы тапсырып агрономиялық факультетінің студенті болды. Жоғары оқу қабырғасында оқытушылардың берген білімді барынша молынан сіңіруге тырысты. Сонымен қатар ғылыми әзірлемелермен айналыса бастады. 1965 жылы шығарма жазып, (Москва қ.) Бүкілодақтық студенттер конференциясында ол сөз сөйледі және перспективалы тақырыпты әзірлемесіне диплом лауреатын алды. 1966 жылы қолында ғалым-агроном дипломы бар Боровской аудандық ауыл шаруашылығы басқарамасына жұмысқа келді.
Ахметов Төлебай Нұрғалиұлы «Север» колхозына бас агроном қызметіне ұсынылды. Осы қызметте ол 1969 жылына дейін жұмыс істеді. «Север» совхозынан бас агроном болып Летунов атындағы совхозына жіберілді. 1974 жылдың қазан айында «Краснопресненский» совхоз парткомының хатшысы болып сайланды, онда аз уақыт жұмыс істеді, 1975 жылдың қыркүйегінде партия хатшысы болып сайланған.
1982 жылы Төлебай Нұрғалиұлына Меңдіқарадан кетуге тура келді. Оны Федоровкаға ауыстырды, онда ол аудандық атқару комитетін, кейіннен аудандық комитетін басқарды. 1989 жылы облыстық комитет партиясының екінші хатшысы болып сайланды, ал 1990 жылы облыстық атқару комитетін басқарды.
Сол жылы ол Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды, сонымен қатар барлық деңгейдегі депутат болды. Қазақстан Компартиясы ОК тексеру комиссиясының мүшесі болды. 1992 жылы Төлебай Нұрғалиұлы Семиозер ауданының басшысы болып тағайындалды. 1995 жылынан 1997 жылы аралығында «Костанайский мелькомбинат» АҚ-нің президенті болды, кейін облыстық ауыл шаруашылық басқарамасының бастығының бірінші орынбасары болды, ал 2000 жылы «Республиканского фонда поддержки сельского хозяйства» Қостанай филиалына директор болып тағайындалды. 2003 жылы Төлебай Нұрғалиұлы «Аграрная кредитная корпорация» АҚ-нің Қостанайлық филиалын басқарды. Аз уақыт ішінде оның белсенді қатысуымен 10 кредиттік серіктестік ашылды, оның ішінде және Мендықарада.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің, облыстық, аудандық халық депутаттары Кеңесінің, Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мүшелерінің, облыстық Комитеттің, партия аудандық комитетінің депутаты болып сайланды.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Знак Почета», «Знатные люди Казахстана, России, Белоруссии и Украины» халықаралық орденімен, «За трудовую доблесть», «За освоение целинных и залежных земель», «100-летие со дня рождения В.И. Ленина» медальдарымен, ҚР Тәуелсіздігінің 10 және 20 жылдығының құрметіне медальдар және (ВДНХ) ҰШЖК-нің екі қола медалімен марапатталды.
2006 жылдан бастап дәнді дақылдар өсірумен белсенді айналыса бастады және отбасын осы кәсіпке тартты.
Тұрсынбай батыр ескерткіші ашылуының бастамашылардың бірі болды. Федоров ауданының құрметті азаматы, ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің құрметті ардагері атағын алды.
2010 жылдың 21 қазанда Ахметов Төлебай Нұрғалиұлына «Меңдіқара ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Ахметов Төлебай Нұрғалиұлы 2021 жылы қайтыс болды.