Ахметов Марат Жұмасұлтанұлы 1959 жылы 4 наурызда Меңдіқара ауданы Абай ауылында дүниеге келген. Қостанай ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін 1958 жылы «Тенизовский» совхозының инженер-бақылаушысы лауазымына түсіп, кейін машина-трактор шеберханасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1996 жылы «Тенизовский» совхозы 11 шағын ЖШС болып қайта құрылды. М. Ж. Ахметов «Қорған коль» ЖШС басқарды, содан кейін кәсіпорынды «Азат и Д» ЖШС деп өзгертті, ол бүгінгі күні ауылдық округтің қала құраушы кәсіпорны болып табылады.
Марапаттары бар: Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2001), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2004), жоғары жетістіктері үшін облыс әкімінің грамотасы (2006), ауыл шаруашылығы министрінің грамотасы (2006), 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің атаулы грамотасы. 2010 жылы «Парыз» күміс мүсіншесімен, 2013 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. Екі рет Қостанай облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Марат Жұмасұлтанұлы облыста танымал ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ғана емес, сонымен қатар қоғам қайраткері, меценат. Қазақстан Фермерлер Одағының өңірлік филиалын басқарады, «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік кеңесінің құрамына кіреді.
2017 жылғы 7 желтоқсанда Ахметов Марат Жұмасұлтанұлына «Меңдіқара ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.