Әбдікәрімов Бақыт Әбдікәрімұлы 1947 жылы 17 маусымда Қостанай ауданы Шоқ-Қарағай ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын «агроном по защите растений» мамандығы бойынша бітірген. Сол жылдың 27 шілдесінде Қостанай облысының Боровской ауданы бойынша өсімдіктерді қорғау жөніндегі аға агроном лауазымына қабылданды. Осы саладағы жалпы жұмыс өтілі 43 жылды құрады.

Бірнеше рет «Победитель социалистического соревнования» құрмет белгісімен марапатталған. 1976 жылы ҚазКСР өсімдіктерді қорғау басқармасының бастығы жұмыстағы үздік көрсеткіштері үшін Әбдікәрімов басқарған станцияға «Москвич ИЖ – 2715» маркалы автокөлікті табыс етті.

2009 жылы Бақыт Әбдікәрімұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің «Лучший по специальности» дипломымен марапатталды. 2010 жылы еңбек демалысында болып, қатардағы маман болып еңбек жолын жалғастырды. Меңдіқара аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 43 шешімімен Бақыт Әбдікәрімұлы Әбдікәрімовке «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.