2019 жылғы 14 ақпанда Қарақоға ауылдық кітапханасында «Кеңес Одағының қарулы күштерінің Ауғанистан жерінен шыққанына 30 жыл» атты еске алу кеші өтті. Іс-шара ауылдық округ әкімі Т. М. Дүйсеновтың, Қарақоға ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж. К. Бабақаеваның, Қарақоға орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларының бірлескен жұмысы нәтижесінде дайындалды. Іс-шараның құрметті қонақтары ауған жауынгерлері М. Г. Әлжанов, А. О. Жақанов, Т. Ш. Нұрғазин, Т. З. Амантаев болды. Қатысушылар жас ер жігіттердің өз өмірінің бағасымен, Отан алдындағы әскери борышын атқарған уақыт туралы өз естеліктерімен бөлісті. Оқушылар әр түрлі сұрақтар қойды. Кітапханашы «Ауған алауы жадымызда» ақпараттық стендін безендірді. Интернационалист жауынгерлер үшін концерт ұйымдастырылып, 5 сынып оқушылары өлеңдер оқыды, хор «Егемен Қазақстан» әнін орындады. Одан кейін Қарақоға ауылындағы қазақша күрес жарысына қатысқан спортшыларды марапаттау рәсімі өткізілді. Ауған соғысының ардагерлері оқушыларға спорт залы үшін сыйлықтар мен доптар сыйлады.