«Тұңғыш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров» ертеңгілік
Құлшықай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ахметова А.А. мектеп оқушыларымен «Тұңғыш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров» атты ертеңгілігін өткізді. Іс-шараның мақсаты - оқушыларға Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің ерлігі мен өмір жолы туралы айту, жас ұрпақтың бойында патриотизм мен арманға деген ұмтылысты тәрбиелеу. Кітапханашы Тоқтар Әубәкіровтің балалық шағы, ұшу жолы және 1991 жылы «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінде Әубәкіровтің ғарышқа ұшуының тарихи сәті туралы айтып берді.
Балалар ғарышкер туралы әңгімелер мен өлеңдер оқыды, «ғарыш» тақырыбындағы кітаптармен танысты, сондай-ақ «Мен ғарышкер болсам» тақырыбындағы армандарын ой елегінен өткізіп, бөлісті.
Іс – шара соңында оқушылар Тоқтар Әубәкіровтің жетістіктері-барша қазақ халқының мақтанышы екенін атап өтті.











